«AQYL BATTLE CUP-2024» КТК ДӘСТҮРЛІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫНЫҢ ЖАҢА МАУСЫМЫ

«AQYL BATTLE CUP-2024» КТК ДӘСТҮРЛІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫНЫҢ ЖАҢА МАУСЫМЫ

21-23 мамыр «Болашақ Қазақстанға» қоғамдық студенттік бірлестігі «Тіл тағдыры, ел тағдыры» жобасы аясында «Aqyl Battle CUP-2024» КТК дәстүрлі республикалық зияткерлік сайысын басталғанын хабарлаймыз.

«Aqyl Battle CUP-2024» Қазақстанның мәдениеті мен тіліне тереңірек үңілудің жаңа стилі. Біздің жобада қатысушылар тек жеңіс үшін ғана емес, жаңа білім үшін де сайысқа түседі. Біз - зиялы отбасымыздың бір бөлігі болуға дайын барлық білімді жастарды шақырамыз.

Сайыстың І кезеңі «Aqyl Battle» мобильді қосымшасында өтеді. «Aqyl Battle» мобильді қосымшасы қазіргі уақытта жасөспірімдер мен жастар арасында танымал ойынның бірі ретінде қазақ тілінде оқу бағдарламасын меңгеру құралына айналды. Мобильді қосымша жастардың ойлау өрісін кеңейту мен қазақтың салт дәстүрін, әдебиеті және тарихын тануды, әр түрлі салаларда базалық білімді қалыптастыруға, ең бастысы жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуге бағытталып, 35-тен астам категория бойынша 12 мыңнан астам сұрақтан құралған.

14-35 жас аралығындағы жастарға арналған «Aqyl Battle CUP-2024» КТК дәстүрлі республикалық зияткерлік сайыстың І кезеңі онлайн форматта мобильді қосымшада өтеді. Келесі кезеңге, әр аймақтан тиісті ұпай жинаған 30 қатысушы (жалпы 600 жас) жолдама алады. Екінші кезең төтенше жағдайлар (ТЖ) орын алған аймақтарда онлайн, ал басқа аймақтарда офлайн quiz форматында ұйымдастырылып, республика бойынша жеңімпаз 20 команда Гранд-финалға жолдама алады. ІІІ кезең, Гранд-финал офлайн форматта Астана қаласында ұйымдастырылады. Сайыс барысында жобаның танымалдығын арттыру мақсатында командалар арасында «Креативті команда» сайысы ұйымдастырылады.

Жалпы жүлде қоры 3 600 000 теңгені құрайды.

Айта кетейік, 2025 жылдың соңында аяқталатын «Тіл тағдыры – ел тағдары» жобасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Мақсаты – мемлекеттік тілді жастар арасында білім мен бірліктің негізгі белгісі ретінде насихаттау.

Жобаның операторы – Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы.