«Aqyl Battle CUP» зияткерлік сайысы - жастар мен мектеп жасындағы балаларға арналған зияткерлік ойындар, балалардың қабілеттерін дамытуға және рухани құндылықтар мен патриотизмді қалыптастыруға, ой өрістерін жандандыруға бағытталған. Сонымен қатар, жастар қызықты зияткерлік ойынды ойнап қана қоймай, жаңа тың мәліметтерді қазақ тілінде бойына сіңіруіне мүмкіндік беріледі.
Сайыстың І кезеңдері «Aqyl Battle» мобильді қосымшасында өтеді. «Aqyl Battle» қазақ тілді жастардың арасында кеңінен танымал, мектеп бағдарламасын оңай игеруге, ойлау өрісін кеңейту мен қазақтың салт дәстүрін, әдебиеті және тарихын тануды, әр түрлі салаларда базалық білімді қалыптастыруға, ең бастысы жастардың бос уақытын пайдалы өткізуге бағытталған мобильді ойын қосымшасы.
Біздің мақсатымыз, осы ойынның форматын командалық ойынға өзгертіп, қосымша шығармашылық бағыт қосу арқылы, «Aqyl Battle Cup» 14-35 жас аралығындағы жастарға арналған республикалық көңілді тапқырлар командаларының арасында зияткерлік сайыс өткізу.
«Aqyl Battle CUP» республикалық зияткерлік сайысы 14-35 жас аралығындағы жастарға арналған. Ойынның І, ІІ кезеңдерінде тиісті ұпай жинаған қатысушылар республикалық кезеңге жолдама алады. ІІІ кезең -Гранд-финал Астана қаласында ұйымдастырылады. Жалпы жүлде қоры 3 600 000 теңгені құрайды.
14-35 жас аралығындағы жастарға арналған қазақ тілді зияткерлік ойындарды дамыту, сыни тұрғысынан ойлау өрісін кеңейту мен қазақтың салт дәстүрін, әдебиеті және тарихын тануды, әр түрлі салаларда базалық білімді қалыптастыру және жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру

























































«Aqyl Battle» мобильді қосымшасында онлайн форматта іріктеу өтеді. Астана, Алматы, Шымкент және 17 облыстан ең жоғары ұпай жинаған қатысушылар келесі кезеңге жолдама алады.

Аймақтық іріктеуде quiz форматында турнирлер өтеді. Екінші кезеңге өткен қатысушылардан команда жасақталады. Команда құрамы 3 қатысушыдан тұрады. Бұл кезең команда аралық сайыс түрінде өтеді. Жеңімпаз команда финалда өз өңірінің намысын қорғайды.

Финал Астана қаласында quiz және ашық батл ойын форматында өтеді. Гранд-финалда аймақтық жеңімпаз командалар бақ сынасады.